Жаңалықтар тізбегі
0

Жемқорлыққа қарсы күресушілерге "арандатушылық жасауға" тыйым салмақ

parlam.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2020 20:30 parlam.kz
Мәжілісмендер құқық қорғау органдарына "қылмыс жасауға арандатқаны" үшін жауапкершілік енгізуді талап етіп шыға келді.

Мәжілісте "ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды, деп хабарлайды zakon.kz BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап.

Депутаттар сыбайлас жемқорлықпен күресетін қызметкерлерінің арасында "погон таққан жалмауыздар" (оборотни в погонах) да жүретінін, қолданыстағы заңда олардың арандатушылық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған деп шырылдайды.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі жолдауында: "Сондай-ақ, заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалау керек" деген. Депутаттар құқық қорғау органдары немесе арнайы мемлекеттік органдардың қылмысқа арандатуы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастыратын түзету енгізді. Осы түзетуге қатысты өз көзқарасыңызды түсіндіріп беріңізші, - деп сұрады депутат Василий Олейник.

Енді анықталғандай, бұл норма заң жобасына ертерек енгізілуі керек болған, бірақ "Парламентке барар жолда" ол жоғалып кеткен.

- Шынында, депутаттар Қылмыстық кодексті жаңа баппен толықтыруды ұсынуда. Кез-келген қылмыс түріне арандату үшін қылмыстық жауапкершілік тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдардың қызметкерлеріне ғана емес, елдегі барлық құқық қорғау органдары үшін қарастырылған. Бірақ бұл норманы Парламентке барар жолда заң жобасынан құқық қорғау органдары жоқ қылып жіберген. Мемлекет басшысы ел алдында заң дайындауға тапсырма береді, ал мына жерде ондай заң жоқ. Бұл қалай, - деді Нұрлан Нығматулин Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қиым агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновке.

Ал Бектеновтың айтуынша, бұл норманың негізгі орындаушысы Бас прокуратура болған екен.

Мұндай жауап Мәжіліс төрағасына ұнамады. Нұрлан Нығматулин барлық құқық қорғау органдарына қайырылды.

- Бұл ескерту емес, бұл ел басшылығының тапсырмалары қалай орындалып жатқанын көрсететін үлкен сын, - деді Мәжіліс төрағасы.

Нұрлан Нығматулин Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне осы норманы екінші оқылымға дейін дайындауды тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: