Жаңалықтар тізбегі
0

Қапшағайда жол жүру ережелерін "белінен басқан" жүргізуші ұсталды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2020 20:31 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Құқық бұзушы жасаған 9 заңсыз әрекеттің әрқайсысы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Алматы облысында қолданыстағы әкімшілік заңнаманың 9 талабын бір сәтте бұзған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға жақында Қапшағай қаласында орын алған. 35 жастағы қала тұрғыны төтенше жағдай тәртібін бұза отырып, өзінің танысынан мемлекеттік тіркеуден шешілген "Range Rover Vogue" маркалы автокөлігін сұрап алған. Көлікке жалған тіркеу нөмірін тағып, оны алкогольдік мас күйде басқарған. Сондай-ақ, көлікті басқару үшін қажетті сақтандырудың болмағаны анықталды.

"Қала көшелерінде жүргенде ұсталған азамат бағдаршамның қызыл түсіне қарамай өте шықты. Тәртіп сақшыларының талабына бағынбай, тоқтамады. Полицейлердің тексеруі үшін тиісті құжаттарын көрсетпей және медициналық куәландырудан да бас тартты. Төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған шаралар жасады. Ішкі істер органдары өкілдерінің заңды талаптарын орындаудан үзілді-кесілді бас тартты", - деді Қапшағай ҚПБ патрульдік полиция взводының командирі полиция аға лейтенанты Диас Айнақұлов.

Құқық бұзушы жасаған 9 заңсыз әрекеттің әрқайсысы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оның бес дерегі бойынша айыппұл салынса, төрт дерегі бойынша Қапшағай қалалық сотының қаулысы қабылданды. Атап айтқанда, сотта 1985 жылы туған Батыров Алмас Еркінұлының ҚР ӘҚбК 476-бабының 6-тармағын; 478-бабын; 590-бабының 4-тармағын; 613-бабының 4-тармағын бұзғаны дәлелденіп, сот шешімімен құқық бұзушы 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар, сот шешімімен ол 9 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

"Құқық бұзушы басқарған автокөлік арнайы тұраққа тоғытылды. көлікті тек иесі ғана ала алады. Алайда, ол салынған айыппұлдарды толық көлемде төлеуі тиіс. Айыппұлдар сомасы, шамамен, 200 мың теңге болады. Осыған орай, барлық жүргізушілерден жол жүру ережесін қатаң сақтауларыңызды және карантин тәртібін бұзбауларыңызды сұраймын",- деді патрульдік полиция взводының командирі полиция аға лейтенанты Диас Айнақұлов.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2020 20:31

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: