Covid-19 жұқтырған шенді Камалжан Надыровтың жағдайы қандай
today.kz
Камалжан Талғатұлының жағдайы қанағаттандырарлық – Кисикова.
Камалжан Надыровтың жағдайы қанағаттандырарлық. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сәуле Кисикова мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.
Камалжан Талғатұлының жағдайын бақылап отырмыз, дәрігерлердің қарауында жатыр. Ол бекітілген протоколға сай коронавирус инфекциясынан емделуде, денсаулық жағдайы қанағаттандырарлық, – деді ол.
Камалжан Надыров 2020 жылдың 21 сәуіріне дейін денсаулық сақтау вице-министрі болған. Оны Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына басшы етіп тағайындау үшін қызметінен алған. Бірақ 22 сәуірде шенеуніктен COVID-19 табылып, расталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript