Жаңалықтар тізбегі
0

Кемінде 15 адам: Тәжікстан билігі елде коронавирус барын мойындады

mix.tj, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2020 23:33 mix.tj
Худжандта - 10, Душанбеде 5 адамға вирус жұққан.

Коронавирус індетіне байланысты құрылған Тәжікстанның мемлекеттік комиссиясы 30 сәуірде елде коронавирус жұққан кемінде 15 адам бар деп мәлімдеді.

Бұл туралы Азаттықтың Тәжік қызметі хабарлады. Мемлекеттік комиссияға премьер-министр Кохир Расулзода жетекшілік етеді.

Ақпарат бойынша, Тәжікстанның денсаулық сақтау және халықты қорғау министрлігі 29 сәуірде Худжандта - 10, Душанбеде 5 адамға вирус жұққанын анықтаған.

COVID-19 індеті шыққан Қытаймен шекаралас Тәжікстан басшылығы эпидемия басталған уақыттан бері алғаш рет коронавирус барын мойындап отыр. Бұған дейін елде ресми түрде коронавирус табылмаған. Дегенмен елде аурухана қызметкерлері мен басқа да адамдардың түсініксіз пневмония мен тыныс жолдары ауруларынан көз жұмып жатқаны туралы хабар жиі тарай бастаған.

Өткен аптада халықаралық Human Rights Watch (HRW) адам құқығын қорғау ұйымы коронавирустың барын жоққа шығарып отырған Түркіменстан мен Тәжікстан билігі осылайша азаматтарының өміріне қауіп төндіріп отыр деп мәлімдеген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: