Алматыда тосқауыл қою бекеттерінің жұмысы тоқтатылды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2020 23:10 zakon.kz
Қала ішінде орналастырылған тосқауыл қою (фильтрация) посттарының жұмысы тоқтатылды.

Алматы қаласының ішінде тосқауыл посттарының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қалалық Полиция департаменті карантиндік режимнің жеңілдеуіне, сондай-ақ көптеген нысандардың жұмысын қайта қалпына келтіруге байланысты қала ішінде орналастырылған тосқауыл қою (фильтрация) посттарының жұмысы тоқтатылғанын хабарлайды.

Қазіргі уақытта патрульдік полицияның ресурстары азаматтардың көп шоғырланған жерлерінде (кішігірім саябақтар, алаңдар) тәртіпті және карантин режимін сақтауды бақылауға бағытталған.

Сондай ақ, бұл қызметкерлер жаяу патрульдеу жұмыстарына қатысады. Алматы қалалық Полиция департаменті жеке қауіпсіздік үшін карантиндік ережелер мен санитарлы-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: