Түркістан облысын су басып қалғаны үшін Қазақстан Өзбекстанға нота жолдамақ

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2020 16:53 Pixabay
Қазақстан тарапы Сардобадағы су қоймасының жарылған дамбасын қалыпқа келтіруге қарсы.

Қазақстан бұзылған су қоймасына қатысты Өзбекстанға наразылық нотасын дайындап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бұл туралы арнамызға эксклюзивті сұхбат берген Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, ала шапанды ағайындар алып бөгеттің құрылысын қазақстандық тараппен ақылдаспастан бастап кеткен. Ал трансшекаралық нысандардың барлығы халықаралық ережеге сай, іргелес жатқан елмен келіссөз жүргізу негізінде салынуы керек. Осылайша Өзбекстан тарапы Біріккен ұлттар ұйымының конвенциясын өрескел бұзған. Екі елге ортақ есеппен айтсақ, 276 мың шаршы шақырым аумақты су басқан. Оның 80 мың шаршы шақырымға жуығы Қазақстанға тиесілі", - делінген онда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: