Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды облысында автобус пен арнайы техника шығаратын зауыт ашылады

karaganda-region.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2020 20:53 karaganda-region.gov.kz
Кәсіпорын Саранда, бұрынғы РТБ зауытының аумағында ашылады.

Қарағанды облысына жұмыс сапарымен Премьер-министр Асқар Мамин келді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Сарыарқа" ЕЭА-на барған кезде Үкімет басшысына Yutong маркалы автобустар мен арнайы техника шығаратын жаңа зауыттың жобасы таныстырылды.

Кәсіпорын Саранда, бұрынғы РТБ зауытының аумағында ашылады. Премьер-Министрдің қатысуымен әкімдік пен инвестициялық консорциум арасында жаңа зауыт құру жөніндегі келісімге қол қойылды.

Биылғы жылы алғашқы автобус шығару жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін бірінші кезеңді іске асыру аяқталады. Бұдан әрі жоба жалғасын табады.

Жаңа кәсіпорынға жұмылдырылған тікелей және тартылған инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 23 миллиард теңгені құрайды. Жоба қолда бар РТИ ғимараттарын қайта жаңартуды, сондай-ақ жаңа өндірістік объектілерді салуды көздейді. Сондай-ақ жоғары технологиялық дәнекерлеу және сырлау жабдықтарын сатып алу жоспарланған.

Жоба аясында 1 100 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Зауыттың жылдық жобалық қуаты - 1 200 автобус және 500 арнайы техника шығару. Өнім ел ішінде сатылатын болады, сондай-ақ жақын шетелдерге экспортталуы мүмкін.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2020 20:53

Қарағандылық ЖОО-дар автомобиль жасау үшін кадрлар даярлайтын болады деп болжануда. Университеттерде бейіндік білім беру бағдарламалары іске қосылады.

Кәсіпорынды құру Қарағанды облысы әкімдігінің, "БРК-Лизинг" АҚ және "Сарыарқа" ӘКК" АҚ қатысуымен және қолдауымен жүзеге асырылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: