Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда жеңілдікпен берілетін 8 мыңнан астам пәтер салынады

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2020 16:47 astana.gov.kz
Тұрғын үйлердің қасында адамдардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық нысандар болуы керек - әкім.

Биыл елордада жеңілдікпен берілетін 8 мыңнан астам пәтер салынады, деп хабарлайды zakon.kz.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімі Алтай Көлгінов Р. Қошқарбаев даңғылы мен Айнакөл (№23-17), Р. Қошқарбаев пен А 104 (жобалық атауы) көшелерінің қиылысында орналасқан бірқатар әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.

Әлеуметтік пәтерлердің жалпы ауданы — 500 мың шаршы метр. Пәтерлер кезекте тұрған аз қамтылған азаматтар мен тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына есептелген.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үйлердің құрылысы кезінде "қадамдық қолжетімділік" қағидасын ескеру қажет екенін атап өтті. Жаңадан салынған тұрғын үйлер барлық жағынан ыңғайлы болуы керек.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2020 16:47

"Тұрғын үйлердің қасында адамдардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық нысандар болуы керек. Жаңадан салынған үйлердің бірінші қабатында балаларға арналған шағын орталықтар, емхана, полиция пунктін, оңалту орталықтарын ашқан жөн. Баланы мектепке не балабақшаға апару үшін қаланың басқа шетіне бару қажеттілігі туындамайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл құрылыс көлемі үш есе ұлғаяды. Егер 2019 жылы 2900 тұрғын пәтер алса, биыл 8 мыңнан астам пәтер беріледі", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен бірге елордада апатты және ескі үйлердің тұрғындарын көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Биыл 5 апатты үйді бұзып, 200-ден астам пәтер тұрғындарын көшіру жоспарланып отыр. 2019 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында ескі 8 үйдің тұрғындары қоныс аударды. 90-нан астам отбасы жаңа пәтерлерге көшті. Тұрғындарды көшіру жұмыстары 39 разъезде де жүргізілді. Үйлер мұнай базаларына жақын жерде орналасты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: