Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңа үйлерді салуға 8 мыңнан астам жер учаскесі дайын

Жаңа үйлерді салуға 8 мыңнан астам жер учаскесі дайын, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2024 11:26 Сурет: Zakon.kz
Елімзде қарғын су басқан 10 өңірдің басым бөлігінде қираған үйлердің орнына жаңасы салынып жатыр.

Ақтөбе облысында 11 мердігер компания Қобда ауданында 89 үйдің құрылысын бастады. Батыс Қазақстанда облысында - 203, Қарағандыда -1, Павлодарда - 5, Солтүстік Қазақстан облысында -100 үй салынуда. Ал Қостанай облысында зардап шеккендерге 31 пәтер берілді, деп жазады qazaqstan.tv.

Қалған өңірлерде арнайы комиссия бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мәселен Атырау облысы, Құлсары ауданында қазір мыңнан астам үйге бағалау жүргізілді. Бұл жұмыстар аяқталған соң, жер учаскелері бөлініп құрылыс басталады. Жер учаскесі беріліп, үйлер салынғанша әрбір нысан ерекше бақылауда болады.

Қазір әкімдіктер үйдің құрылысына деп 8 мыңнан астам жер учаскесін дайындап қойды. Ақмолада - 335, Атырау облысында - 3465, Ақтөбеде - 409, Қостанай облысында - 2189, Батыс Қазақстанда - 188, Солтүстік Қазақстан - 1500, Қарағанды облысында - 6, ал Павлодар облысында - 5 жер учаскесі қарастырылған.

Жалпы тасқын салдарынан ел бойынша 12 мыңдай тұрғын үйді су басқан. Президент қираған үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге 5 ай мерзім бергені белгілі. Десе де, кейбір әкімдіктер бұл жұмысты ертерек, яғни 1-қыркүйекке дейін аяқтаймыз деп мәлімдеді. Қазір бұл мәселе мемлекет басшысының қатаң бақылауында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: