Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысының батыр-полицейі мемлекеттік наградамен марапатталды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2020 04:45 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Ол көрші үйдегі өрт туралы көршісінің хабарламасына тез арада әрекет ете отырып, көп пәтерлі тұрғын үйден қарт әйелді алып шығып, қызған газ баллондарды сыртқа шығарған.

ҚР Президентінің Жарлығымен полиция майоры Ербол Аманбаев "Ерлігі үшін"медалімен марапатталды, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Мемлекеттік марапатты салтанатты түрде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев табыстады. Майор Аманбаевтың ерлігі қызметтік борышын орындауда көрсеткен батылдығы үшін іс жүзінде аталып өтті. Ержүрек офицер Алматы облысы Текелі қаласының полиция басқармасында учаскелік полиция инспекторлары қатарында қызмет етеді.

"Бұл марапат полиция қатарындағы қызметте құқықтық тәртіп пен азаматтарымыздың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында одан әрі жаңа жеңістерге жетуге ынталандыра түседі. Өз Отанымның игілігі үшін адал, әрі мүлткісіз қызметіммен мен қоғамға көп пайда әкеле алатыныма сенімдімін. Полиция қатарында әрдайым азаматтарға көмекке келуге және қылмысқа қарсы тұруға дайын өз ісінің нағыз шеберлері қызмет етеді", - дейді Ербол Аманбаев.

Естеріңізге сала кетейік, учаскелік полицей өткен жылдың қараша айында батылдығымен ерекше көзге түскен. Ол көрші үйдегі өрт туралы көршісінің хабарламасына тез арада әрекет ете отырып, көп пәтерлі тұрғын үйден қарт әйелді алып шығып, қызған газ баллондарды сыртқа шығарған. Жарылыс қаупін жою және оттың одан әрі таралуын болдырмау мақсатында, өрт ошағын жойған батыл полицейдің қолдарын күйік шалған. Алайда,ол қатты ауырсынуды сезінбестен, отты сөндіруді жалғастырып, әріптестермен бірге үй тұрғындарын эвакуациялаған.

Бүгін тәртіп сақшысының барлық туған-туыстары, жақындары және таныстары, жергілікті жастар оны нағыз батыр, әрі батыл офицер ретінде құрметтейді. Өзінің ерекше іс-әрекетімен қарапайым полицей өскелең ұрпақ үшін ерліктің жарқын үлгісін көрсетті.

"Менің орнымда кез-келген адам осындай іс-әрекетке баратын еді. Егер дәл осындай жағдай тағы қайталанатын болса, еш ойланбастан осы іс-әрекетімді қайта жасар едім", - деді полиция қызметкері.


, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2020 04:45

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2020 04:45

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: