Алматы әуежайын түрік холдингі сатып алды

otdyhateli.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2020 21:42 otdyhateli.com
Бұл мәміленің құны - 415 миллион доллар.

Халықаралық Алматы әуежайы акцияларының 100 пайызын TAV Airports Holding атты түрік холдингі сатып алды, деп хабарлайды zakon.kz TAV әуежайларының сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, TAV Airport Airport холдингі Алматы халықаралық әуежайының акцияларының 100 пайызын сатып алған. Бұл мәміленің құны - 415 миллион доллар. Консорциумдағы TAV Airports-тың үлесі кем дегенде 75 пайызды құрайды, ал акцияларды өткізіп алу процесі барлық заңды рәсімдер аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. Алматы әуежайы - TAV Airports түрік холдингінің қоржынындағы 15-ші жоба.

Холдингтің президенті және бас директоры Сани Шенердің айтуынша, Қазақстан - географиялық жағынан да, экономикалық жағынан да аймақтағы ең үлкен ел.

- Алматы - елдегі ең үлкен қала, ол ІЖӨ-нің 20 пайызын құрайды. Сонымен қатар, бұл - Қытайды, Еуропа мен Африканы байланыстыратын қазіргі заманғы Жібек жолының орталығы. Оның әлеуеті зор және біз білімімізге сүйене отырып, оны толық игеруге барымызды саламыз, - деп атап өтті Сани Шенер.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: