Жаңалықтар тізбегі
0

ЕДБ Алматы халықаралық әуежайын жаңғырту жұмыстарына шамамен 40 млн доллар бөледі

zakon.kz/ Павел Михеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2021 17:08 zakon.kz/ Павел Михеев
Белгілі болғандай, жобаны "TAV Kazakhstan" ЖШС басқаратын инвесторлар консорциумы жүзеге асырып жатыр. Инвестициялық бағдарламаның жалпы құны - 780 миллион доллар.

Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) Алматы халықаралық әуежайын кеңейту мен жаңғырту жұмыстарына шамамен 40 миллион доллар бөледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Белгілі болғандай, жобаны "TAV Kazakhstan" ЖШС басқаратын инвесторлар консорциумы жүзеге асырып жатыр. Инвестициялық бағдарламаның жалпы құны - 780 миллион доллар.

Алматы қаласының әуежайы республикамыздың әуе көлігі саласы үшін стратегиялық рөл атқарады. 2019 жылғы пандемияға дейін Алматы әуежайы ұшақ тасымалының жалпы көлемімен салыстырғанда, 64% жолаушыларды және 84% -дан астам жүкті тасымалдады. Оны жаңғырту бүкіл елдің тұрақты экономикалық өсіміне және халықаралық көлік-логистикалық инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, жоба 1000-нан астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, бұл да әлеуметтік маңызы бар дүние. Бұл жоба ЕАЭО кеңістігінде халықаралық даму банктері арасындағы серіктестіктің артықшылықтарын көрсетеді, - деді ЕДБ Басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Исенов.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассо былай дейді: "Біз IFC, ЕДБ және DEG-пен бір топта жұмыс істей алатындығымызды және Қазақстан мен Орталық Азия үшін маңызды инфрақұрылымдық жобаны қолдайтындығымызды мақтан тұтамыз. Бұл ірі аймақтық көлік тораптарының бірін құруға көмектеседі және COVID-19 пандемиясынан сауығуды қолдайды. Біз TAV әуежайларымен бірнеше жылдар бойы әртүрлі нарықтарда жұмыс істедік және біздің қаржылық мүмкіндіктер мен компания тәжірибесінің үйлесімділігі осы жаңа бірлескен кәсіпорынның табысын қамтамасыз ететініне сенімдіміз".

Негізгі инфрақұрылымды жаңғырту жоспарына сәйкес, жаңа терминал салу және қолданыстағы әуежайды жаңарту, әлеуеттік қабілеттілігінің шектеулерін жою, маршруттарды дамыту, рейстер санын көбейту, клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсарту сынды үлкен істер жоспарланған.

Алматы халықаралық әуежайы - Қазақстан Республикасындағы ең ірі әуе айлағы және оның халықаралық маршруттық желісінің арқасында халықаралық маңызы жоғары. Бүгінде пандемияға қарсы шаралар қабылданған кезде, әуежай күніне шамамен 177 рейсті құрайтын жеті жүк тасымалы әуе компаниясы мен 27 жолаушы тасымалдаушы әуе компанияға қызмет көрсетеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: