Қытайлық ірі компаниялар Ұлытау облысына 400 млн АҚШ долларына жуық қаражат бөледі

Ұлытау облысында өткен "Ulytau Invest–2026" Қазақстан–Қытай инвестициялық форумы аясында жалпы құны 368,6 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық меморандумдарға қол қойылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 15:42 Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұлытау облысында өткен "Ulytau Invest–2026" Қазақстан–Қытай инвестициялық форумы аясында жалпы құны 368,6 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық меморандумдарға қол қойылды.

Құжаттар тұрғын үй қорын және қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, өнеркәсіпті дамытуға, шахталардағы өндірістік қауіпсіздікті күшейтуге, төмен көміртекті индустриялық кластер қалыптастыруға және өңірде жел электр станцияларын салуға бағытталған бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейді.

Форум Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары, бизнес және инвестициялық қауымдастықтарының өкілдерін бір алаңға жинады. Ауқымды іс-шараға Қытайдың 20-дан астам ірі компаниясының делегациялары қатысты.

Ұлытау облысында өткен "Ulytau Invest–2026" Қазақстан–Қытай инвестициялық форумы аясында жалпы құны 368,6 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық меморандумдарға қол қойылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 15:42

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Іс-шараға дейін Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Шэньси провинциясынан келген делегация басшысы Ван Цзинцзинмен екіжақты кездесу өткізіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Ұлытау облысында өткен "Ulytau Invest–2026" Қазақстан–Қытай инвестициялық форумы аясында жалпы құны 368,6 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық меморандумдарға қол қойылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 15:42

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Ulytau Invest–2026" форумы барысында облыстың тау-кен металлургиясы, өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп, энергетика, логистика және инфрақұрылым салаларындағы инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері арасында B2B және G2B форматындағы кездесулер ұйымдастырылып, жаңа жобаларды бірлесіп іске асыру және әріптестікті кеңейту бағыттары қарастырылды.

Ұлытау облысында өткен "Ulytau Invest–2026" Қазақстан–Қытай инвестициялық форумы аясында жалпы құны 368,6 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық меморандумдарға қол қойылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 15:42

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Іс-шарада сөз сөйлеген Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков халықаралық ынтымақтастық пен инвестиция тарту өңір дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, форум бұған дейін облыс делегациясының Қытайдың Сиань қаласына жұмыс сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің нақты жалғасы болды.

Ұлытау облысында өткен "Ulytau Invest–2026" Қазақстан–Қытай инвестициялық форумы аясында жалпы құны 368,6 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық меморандумдарға қол қойылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 15:42

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Форумның ресми бөлігінен кейін Қытай делегациясының өкілдері өңірдегі инвестициялық алаңдар мен өндірістік кәсіпорындарды аралап, іске асырылып жатқан және болашақ инвестициялық жобалармен танысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: