Өскеменде интернет арқылы алаяқтар 400 млн теңге жымқырған

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, личные данные, персональные данные, защита персональных данных, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2025 12:34 Фото: freepik
Шығыс Қазақстан облысында соңғы 2–3 айда 250-ден аса адам алаяқтарға алданған. Олардың жалпы шығыны 400 миллион теңгеге жеткен.

Тергеу барысында зардап шеккендердің 90 пайызы интернет арқылы арбаған алаяқтардың құрбаны болғаны анықталды.

Өңірде банк карталары мен жеке деректерді беру — яғни заңсыз дропперлік қызмет те өзекті мәселеге айналған.

Жыл басынан бері облыста 6 мыңнан астам "дроп-карта" әшкереленген.

Бұл карталар арқылы 24 миллиард теңгеге жуық қаржы айналымы тіркелген, деп жазады qazaqstan.tv.

Анықталған барлық дерек сараланып, әкімшілік және қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: