Нұр-Сұлтанда карантин режимі жойылған жоқ

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2020 20:42 astana.gov.kz
Нұр-Сұлтанға сырттан кіру шектелген.

Нұр-Сұлтанда карантин режимі жойылған жоқ, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтанға сырттан кіру шектелген, тек қаланың тіршілігіне маңызды мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар ғана қалаға кіре алады. Қызметкерлердің тізімін Ақмола облысының аудан әкімдері ұсынды, деп хабарлады елорда әкімдігі жанындағы Шұғыл штаб.

Бұған қоса, қажетті өнімдер төтенше жағдай мен карантиннің бүкіл кезеңіндегідей қазір де қалаға санитарлық нормаларға сәйкес ешқандай кедергісіз жеткізілуде.

Әкімдікте айтылғандай, 11 мамырда төтенше жағдайдың жойылғанына қарамастан, елорда бұрынғы карантиндік режимді сақтай беретін болады. Қаланың әр шетіне орналасқан барлық блок-бекеттер бұрынғы қарқынды режимде жұмыс істей береді. Карантин режимін бұзғандар үшін жауапкершілік қарастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: