Медицина қызметкерлерінің үстемеақысы биыл тамыз айына дейін төленеді — Тоғжанов
24.kz
Дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу үшін Үкіметке 40 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ҚР Үкіметінде өткен брифингте коронавирус инфекциясымен күресуге тартылған дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеудің одан әрі жалғасатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу үшін Үкіметке 40 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді", делінген ҚР Үкіметінің ресми сайтында.
"Төлемдердің жартысы төленді. Қалған бөлігі биыл тамыз айына дейін төленетін болады", — деді вице-премьер.
Сонымен қатар Е. Тоғжанов жұмысқа шығатын ата-аналарға қолайлы болу үшін балабақшаларда кезекші топтар ұйымдастырылатынын айтты. Бірақ санитарлық нормаларды сақтау қажет болады.
"Мысалы, балабақшаларда әрбір топта 25-30 баладан бар. Карантин кезеңінде сақтық шараларын ескере отырып, топтардағы балалар санын 15-ке дейін ғана жеткізу керек. Бұл ретте жұмыс істейтін әр ата-ананың балаларын балабақшада қалдыру мүмкіндігі бар екенін атап айтқым келеді", — деді Премьер-Министрдің орынбасары.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript