Шымкентте коронавирус жұқтырған 6 адам тіркелді
11 мамырдағы сағат 17:40-тағы мәлімет бойынша, Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 адам тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.
Вирусты жұқтырғандар 1964 жылғы азаматша және 2001, 1991, 1984, 1973, 1965 ж. т. ер азаматтар. Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 239 адам анықталды.