Шымкентте коронавирус жұқтырған тағы 5 адам тіркелді

24tv.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2020 20:10 24tv.ua
14.05.2020 жылғы мәлімет бойынша.

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 5 тұрғынына COVID-19 диагнозы қойылды, олар — 1982, 1986 және 1961 жылғы әйел адамдар, 1991 жылы туған ер кісі және 2001 жылғы жас жігіт.

Барлығы да коронавирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Тиісінше, барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып жатыр.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 255 адам анықталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: