Жаңалықтар тізбегі
0

Мақтааралда үйлердің құрылысы басталып кетті

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2020 19:21 видеодан кадр
Әзірге құм мен қиыршық тас сынды материалдар Өзбекстаннан жеткізілуде.

Тосыннан келген апатқа Мақтааралдағы 5 бірдей елдімекеннің төтеп бере алмағандығы белгілі. Бүгінде баспанасыз қалғандар үшін салынатын 500-ден астам үйдің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Десек те ауылын тасқын су басқан тұрғындардың кейбірінің үйлерінің құжаттары түгел болмай шыққан. Тіптен, тағы бірнешеуінде мүлдем жоқ екен.

Олардың жағдайы қалай болмақ? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Мақтаралдағы төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалғандар үшін салынатын үйлердің құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Әзірге құм мен қиыршық тас сынды материалдар Өзбекстаннан жеткізілуде. Нысан басында күні кеше екі елдің Үкімет басшылары болып, жаңа шағынауданның іргетасын қалап берген болатын.

Жаңа баспана бес бөлмелі болмақ. Жоспар бойынша мұндағы жер учаскесінің аумағы 8 соттық. Ал, үйдің көлемі - 100 шаршы метр. Әр нысанның құны орта есеппен 17-18 млн теңгенің шамасында.

Нұрмахан Тұрғынов, мердігер мекеменің өкілі:

"Облегченный форматта салынып жатыр. Қабырғалары газоблоктан. Мынау жаңағы жұрттың айтып жатқан қауесеті, батпақты жерге салынып жатыр деген. Оның бәрі бекершілік. Жер асты суы бұл жерде, 1,5-1,20 тереңдікте жатыр. Оның ешқандай несі жоқ. Фундаменті усиленный".


Жаңа баспанадан ауылын су алған Жеңіс, Жаңа тұрмыс, Достық елдімекенінің тұрғындары дәмелі. Әйтсе де, 5 саусақ бірдей емес. Бір үйдің аумағы үлкен. Тиісінше жанұя мүшелері де 15-ке жуықтайды. Сондай азаматтар жаңа баспана саларда отбасындағы адам санын ескерсе, дейді.

Марат Тиллаев, жеңіс ауылының тұрғыны:

"Мен, әке шешем, 5 бала шағам, інім бала шағасымен 14 жан сол үйде күн көріп отырғанбыз. Менің үйім өзі 17-де 12. Толықтай сыйып тұрғанбыз сол үйде. 16 соттық жер еді жеріміз. Сол адам саны ескеріп біздерге".


Тағы бір түйткіл - бұл үйлерді алу үшін су басқан ауылда қалған баспанасының бар екендігін дәлелдейтін үйдің құжаттары қажет. Кейбір тұрғынның қағаздары судың астында қалып қойған. Ал, ендігісінің мұндай құжаты тіптен жоқ. Сондай азаматтардың бірі - Анаркүл Оразбаева. Жеңіс ауылына ол 10 жыл бұрын бала шағасымен көшіп келіпті. Уақытында бос моншаға қоныстанған азаматша ол баспананың құжаттырын рәсімдей алмағанын айтады.

Анаркүл Оразбаева, Жеңіс ауылының тұрғыны:

"Ол жер екі адамның атында, үш адамның атында подарка болған деп еш документ жасап бермеді олар. Документтеп алайық дегенімізде. Неқыласыздар документті деп айтқан солай әкімшіліктегілер. Сонымен келе жатырмыз? Сонда біз қайда барамыз енді? Сонда біз қазір далада қалған болып тұрмыз ғой? Үй жоқ. Документ жоқ. Бұл жерде".


Үйінің құжаттары жоқ азаматтар жергілікті әкімдік алдын торуылдап жүр. Қандай да бір жауап алармын деген ойда. Ал, шенеуніктер ешкімнің де назардан тыс қалмайтынын айтады.

Бейсенбай Төребеков, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары:

"Ол жаңағы тұрғын үйді салып бітіргенімен кейбір үйлерде тұрғын үй салуға шешім бар, кейбіреуінде шешім мен техпаспорты бар, ал бірақ БТИ да тіркемеген нақты саны қазір жинақтап жатыр. Олар бойынша да облыс басшысының тапсырмасына сәйкес шұғыл түрде құжаттандыру мәселесі жүріп жатыр".


Ал, қалған Фердауси мен Өргебас ауылының тұрғындары өз жайларында қалатын болып шешіпті. Олардың баспаналарын қайта қалпына келтіру жұмыстары арнайы зерделеу жұмыстарынан соң шешілмек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: