Жаңалықтар тізбегі
0

Штраф төлейтін шама жоқ! Талдықорған жүргізушілері камераларға қарсы шықты

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2020 18:45 видеодан кадр
Өңірде жыл басынан бері фото және бейнетіркеу құралдарымен 90 млн теңгеге 10 мыңнан аса ұйғарым шығарылған.

Талдықорғанда жол ережесін бақылайтын камераларға қатысты дау шықты. Айналасы бір айдың ішінде бірнеше айыппұл арқалаған жүргізушілер өздеріне келген ұйғарымдармен келіспей отыр. Олардың айтуынша, жылдамдықты өлшегіш құрылғыларда ақау болуы мүмкін. Өйткені, кейбір көшелерде сағатына 90-100 шақырым жылдамдықпен жүру тұрмақ, рұқсат етілген 60-пен өтудің өзі қиындау, - дейді.

Ал, полицейлер камералардың штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын алға тартуда. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Амангелді Сатыбалдинов көлігімен көшедегі стационарлық камераларға бір емес, үш рет түскен екен. Үшеуінде де жылдамдықты шамадан тыс асырғаны үшін айыппұл салынған. Алайда, жүргізуші олардың ешқайсымен келіспейді.

Амангелді Сатыбалдинов, көлік жүргізушісі:

"Үш штрафтың біреуі Шевченко Гауһар ана. Ол базардың қасы. Базардың қасында 95-пен өтіп кетті деген штраф келді. Енді, базардың қасында білмеймін 95-пен қалай өтуім мүмкін екенін. Қазір біз білетін 300 адам. 300 адамның әрқайсысында жаңа айтып отырмын ғой, 3 штрафтан, 8 штрафтан бар. Ал, білмейтіндер, төлеп тастағандар қаншама".

Наразылық білдірген жүргізушілердің көбі осы Шевченко Гауһар ана көшесінің қиылысындағы камераларға түсіп қалған. Ұйғарымға сенсек, ығы-жығы көліктердің арасынан сағатына 80-90 тіпті, 105 шақырым жылдамдықпен өткендер де бар екен. Ал, ең қызығы Абылай хан Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы камераларда жол ережесін бұзған уақыт суреттермен мүлдем сәйкес келмейді.

Данияр Нұрбеков, көлік жүргізушісі:

"Түнгі онда болған правонарушение. А мына жерде фотода жап-жарық. Бәрі көрінеді. Мәшине көрінеді. Адамдар көрінеді. Ол болмайды ғой фотография именно камера солай түсіретін".

Ержан Құрманғазин, көлік жүргізушісі:

"Областной ГАИ-ге бардым. Көрсетті. Доказать етіп бер дедім. Суретте ғана көрсетіп тұр. Міне, сен кетіп барасың, - дейді. Мен айттым. 50-мен тұрған шығармын. 70-пен тұрған шығармын. Доказать ете алмай қойды. Арыз жазып кеттім. Бұл штрафты төлеуге шамам жоқ".

Камераларға қатысты дау шыққаннан кейін жауаптылар қондырғыларды тексеруге кіріскен секілді. Тіпті, түзетіп, жөндеу жүргізіп жатқандарын куәгерлер ұялы телефондарына түсіріп алған.

"Көрдіңіздер ме, Сымдар бос. Қозғалып кеткеннен кейін дұрыс ракурс бермейді. Бері қарай бұрап жатыр. Сондықтан, олар дұрыс көрсетпейді".

Жүргізушілердің пікірінше, камераларды түзеткеннен кейін енді ақауды анықтау қиынға соқпақ. Сондықтан, қазір олар жан-жаққа шағымдануда. Алайда, әзірге еш нәтиже жоқ. Полиция департаментінің өкілдері қаладағы камералар штаттық жағдайда жұмыс істеп тұрғанын алға тартып отыр.

Ақбота Әзірбек, Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

"Автоураган" ақпараттық-бағдарламалық кешенінің 13 бекеті және жол қозғалысын бақылайтын 3 бекет бар. Соңғы сертификаттау 2019 жылы жүргізілген. Және ол осы жылдың қарашасына дейін жарамды. Барлық жабдықтар жұмысқа қабілетті және техникалық жарамды күйде. Осы уақытқа құқықбұзушылықтардың қате тіркеудің бірден-бір дерегі тіркелмеген және кешен еш іріксіз қызмет етуде.

Шағымданушылардың талап-арызы енді жеке-жеке қарастырылмақ. Сондықтан, көлік иелеріне сот шешімі мен сарапатама нәтижесін күту қажет Айта кетсек, өңірде жыл басынан бері фото және бейнетіркеу құралдарымен 90 млн теңгеге 10 мыңнан аса ұйғарым шығарылған екен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: