Орман арасынан 56 дана су жаңа Toyota Camry табылды
Ресейдің Челябинск қаласының сыртындағы орман арасындағы ашық алаңда елуден астам қара түсті бірдей Toyota Camry автокөліктері біраз уақыттан бері тұрғаны анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Анықталғандай, бұл автокөліктің бәрі облыс билігіне тиесілі екен. Басшылық бұл көліктерді 2020 жылға жоспарланған саммиттер (ШЫҰ, БРИКС және басқа да протоколды шаралар) үшін арнайы сатып алып қойған екен.
Алайда қазір коронавирустың кесірінен барлық шаралар белгісіз мерзімге кейінге шегіріліп отыр.
Ресей баспасөзінің жазуынша, 56 автокөлікті сатып алуға шамамен 120 миллион рубль жұмсалған.
Жергілікті биліктің сатып алатын көліктерге қойған техникалық талаптарына келсек, кузов пен салоны қара түсті, қорабы автомат болуы тиіс. Жаңбырдың датчигі, артқы камера, орындықты жылыту және күнқағар перделер болуы міндетті.