Алматы қауымы генерал-майор Талғат Нұрмағамбетовты ақтық сапарға шығарып салды
Алматыда медициналық қызметтің запастағы генерал-майоры Талғат Нұрмағамбетовті жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды zakon.kz.
Талғат Нұрмағамбетов ұзақ ауырды, 18 мамырда 67 жасында қайтыс болды.
Ол бүкіл өмірін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің медициналық қызметін дамытуға арнады.
Жерлеу рәсімі ҚР Қарулы Күштерінің Жарғысында белгіленген рәсімге сәйкес өтті. ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Алматы облыстық гарнизонының қолбасшылығы, Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және ҚР Қарулы Күштердің ардагерлері генералдың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
- Талғат Сағадатұлы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің медициналық қызметінің негізін қалаған адам. Бұл біз үшін үлкен орны толмас қайғы. Талғат Сағадатұлының есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Біз туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз, - деген ҚР Қарулы Күштерінің Бас әскери медициналық басқарма бастығы, полковник Тимур Ошақбаев Қорғаныс министрінің атынан да көңіл айтты.
Талғат Нұрмағамбетов - Кеңес Одағының Батыры, Халық Қағарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің ұлы. Ол әкесінің жолымен жүріп, бүкіл өмірін әскери қызметке арнады және Қазақстанда әскери медицинаның дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ол әскери медициналық қызметтің нормативтік-құқықтық базасын жасаушы болды.