Асқар Жүнісбек ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті "МТҚ" РМК директоры болып тағайындалды

sts.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2020 21:31 sts.kz
2013 жылдан бастап "Мемлекеттік техникалық қызмет" РМК директорының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

Асқар Жүнісбек ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Мемлекеттік техникалық қызмет" РМК директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Асқар Жүнісбек С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Механика және қолданбалы математика факультетін бітірген. Еңбек жолын Алматы облысы Қоғалы орта мектебінде математика және информатика пәнінің мұғалімі болып бастады. Әр жылдары ол ақпаратты қорғау және киберқылмыстың алдын-алу саласында жоғары лауазымдарда болды. 2013 жылдан бастап "Мемлекеттік техникалық қызмет" РМК директорының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

Сонымен бірге, ол компьютерлік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Мәскеудегі УМЦНИТ ФАСПСИ-тің дипломына ие.

Қол жеткізген оң нәтижелері үшін Асқар Жүнісбек бірнеше рет ведомстволық және үкіметтік марапаттармен, түрлі халықаралық дипломдармен және грамоталармен марапатталған, "Ерен eбегі үшін" мемлекеттік медалімен марапатталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: