Өткен тәулікте елімізде КВИ жұқтырған 363 науқас анықталды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жыл, 21 мамыр, сағат 23:59 уақыты бойынша, еліміздегі коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайына есеп берді, деп хабарлайды zakon.kz. ⠀
Сонымен өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 363 науқас анықталды. Өсім 5,0% құрады. ⠀
Аймақтар бойынша:
Қарағанды облысы - 130 (43,3%)
Нұр-Сұлтан - 54 (3.8%)
Алматы қаласы - 35 (1.8%)
Шымкент - 31 (6,1%)
Атырау облысы - 25 (3.1%)
Алматы облысы - 24 (10,1%)
Түркістан облысы - 20 (8,2%)
Ақтөбе облысы - 9 (3.9%)
Қызылорда облысы - 9 (3,4%)
БҚО - 8 (2.3%)
Ақмола облысы - 7 (5,2%)
Жамбыл облысы - 7 (3,2%)
Қостанай облысы - 3 (2,7%)
СҚО - 1 (2.6%).
109 адам емделіп, ауруханадан жазылып шықты.
⠀
Жалпы, республикамызда 7 597 жағдай анықталды, емделіп, жазылғандардың жалпы саны 3 843 адамға дейін өсті. Тіркелген кісі өлімі - 35.