Коммуналдық кәсіпорын жұмысшыларынан тұратын қылмыстық топ 2 млрд теңге ұрлаған
zakon.kz
Олар 2012 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта тұрақты әрекет еткен.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Экономикалық тергеу бөлімінің қызметкерлері "QAZYNA" жедел-алдын алу шаралары барысында қалалық әкімдіктің коммуналдық кәсіпорындарының бірінің бұрынғы қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау фактісін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.
ЭТД мәліметтері бойынша, олар 2012 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта 1,8 млрд теңгеден астам сомадағы бюджет қаржысын ұрлаған. Ұрланған ақша заңды айналымда жүрген.
Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы, яғни "Аса ірі көлемдегі ұрлық" және 218-бабы 3-бөлігі, яғни "Қылмыстық жолмен алынған мүлікті жария ету", 262-бабы 1-бөлігі , "Қылмыстық топ құру және басқару" бойынша жүргізілуде.
Қылмыстық кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүдделері үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа мәліметтері жария етілмейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript