Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда полиция қызметкерлерінен тұратын қылмыстық топ құрықталды

Сергей Кайсин © ИА Красная Весна, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2021 18:16 Сергей Кайсин © ИА Красная Весна
Олар ведомствалық мәліметтер базасындағы деректерді сатқан.

Алматы қаласының қазіргі және бұрынғы полиция қызметкерлерінен құралған қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы брифингте ІІМ Ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Арман Саданов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Біздің ақпараттық қауіпсіздік саласында әзірленген жедел іс-қимылға арналған дүниелер елімізде бұрын-соңды болмаған. Бұл жолы Алматы қалалық полиция департаментінің бұрынғы және қазіргі полиция қызметкерлерінен құралған қылмыстық топ ұсталды. Олар қарапайым азаматтардың арағайындық етуімен ведомстволық ақпараттық базадағы мәліметтерді сатуды кәсіпке айналдырған. Жеке деректер үшінші тұлғалардың қолына осылайша өтіп отырған, - деді Саданов.

Ол осы бизнеспен айналысқан екі полиция қызметкері, бұрынғы үш полиция қызметкері және бір жеке тұлға сотталғанын айтты.

Олардың тікелей басшыларына қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылудан бастап қызметінен босатуға дейінгі жазалар қолданылды, - деп сөзін қорытындылады Ішкі қауіпсіздігі бөлімінің бастығы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: