Алматыда бір топ еркек полиция қызметкерлеріне тап берген
Алматыда Әуезов ауданында көшеде ішіп алған мас адамдар полиция қызметкерлеріне тап берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Polisia.kz хабарлағандай, 6 сәуір күні кешке, бірінші шағын аудандағы үйлердің бірінің ауласында сеніп тапсырылған аумақты күзету кезінде учаскелік инспекторлар арақ ішіп отырған бір топ ер адамды байқайды. Онда да олар балалар ойын алаңына жайғасқан. Жиналған топ полиция ескертуіне агрессиямен жауап берді, олар карантин режимі ережелеріне қайшы ешнәрсе істемегінін айтып, өздерін ақтауға тырысқан.
Өз еркімен тарағысы келмеген бес адамды полиция бөліміне апаруға тура келген. Бірақ олар полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, төбелесе кеткен. Ақырында олар залалсыздандырылып, қамауға алынды. Қазір олар жауапқа тартылып жатыр. Бұзақылар міндетті түрде заңға сәйкес жазасын алады, - деп сендірді Әуезов ауданының полиция бөлімінің бастығы Әлішер Тұрсынбетов.
Оның айтуынша, ұсталғандардың әрекеттері дереу Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айқындалған: ҚР ҚК 379-бабы, яғни "Мемлекеттік қызметкерге бағынбау" және ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, яғни "Билік өкіліне қатысты күш қолдану".