Жаңалықтар тізбегі
0

Армян көліктерін тіркеуге рұқсат, сатуға болмайды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2020 19:31 видеодан кадр
Уақытша тіркеу емес, толыққанды иелік етуді сұрағандар мәселе оң шешімін таппайынша тайынбаймыз деп бекінген.

1 маусымнан бастап Армениядан әкелінген көліктерді уақытша тіркеу басталады. Ол бірінші қыркүйекке дейін жалғаспақ. Енді көлік иелері 2-3 млн теңгеге шығатын утилизациялық төлемді төлемейді. Уақытша тіркеуге тіркеу алымы, техникалық төлқұжат және мемлекеттік нөмір үшін жиыны 12 мыңдай теңге ғана шығындайды.

Президент кеңесшісі һәм белгілі экономист Олжас Құдайбергенов бұл көлік иелеріне де, мемлекетке тиімді компромистік шешім деп отыр. Ал көлік иелері аталған ақжолтай жаңалыққа аса қуанып отырған жоқ. Неге? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Данияр Бүркіт, қала тұрғыны:

"Мен өзім жеке басым бұған қарсымын. Өйткені бұл жерде менің конституциялық құқығым бұзылып жатыр" Сүлеймен Ахметов, қала тұрғыны: "Қамаймыз дейді, МВД айтты бізге наручник жетеді дейді бәрімізге. Солай қорқытып жатыр бізді, қыстан бері".

Ат арытып Арменияға аттанып, тұлпар тақымдап келген отандастарымыз бұл. Үкіметтің шығарған соңғы шешіміне қатысты ой айтып отыр. Алдымен әңгіменің төркініне бір үңілейік. Кезінде армян көшелерінде жүйткіген бұл машиналар қазір бізде жүр. Жай жүрген жоқ. Қоғамда қызу пікірталас, тіпті керек десеңіз митинг жасауға дейін апарды. Қай облысты алып қарамасаңыз да кавказдан жеткен көлік тізгініндегілер ашулы.

Саламат Данабеков, қала тұрғыны:

"Армениядан алып келдім. 4 млн-нан көп, жоғары машина әкелді. Қазіргі есептегенде оның үстіне почти 3 млн ақша төлеу керек". Еркебұлан Жанқалашов, қала тұрғыны: "Ол машинаны учетка қою үшін маған соның үстіне тағы бір машинаның құнын төлеуім керек. Неге мен ол ақшаны төлеуім керек!?".

Бұған дейін бірлі жарым келген армян нөмірлі көліктер былтырдан бері мыңдап ағылды. Арзан өйткені. Мыңдаған шақырымға қарамастан, қазақстандықтар өз жерінде тек армандаған көліктерін Армяннан тапты. Арарат иелері бізді бай санаған шығар дедік бір жағынан. Енді ғана рахатын сезініп келе жатқанда, кедендік тазалау керектігі айтыла бастады. Болмаса тұлпарыңды сойып сат дегені де естілді.

Асхат Берсәлімов, шетелдік көлік иесі:

"Запчастьқа өткізіп жібер дегені масқара әңгіме. Себебі мен запчастьқа барып, Қырғызстанға или Арменияға баратын болсам, 10 мың долларға сатып алған көлікті жоқ дегенде ең көп болса, 2-3 мыңға алады менен қазір. Сонда 7 мың доллар на ровном месте жоғалтып отырмын мен".

"Осы күнде 170 мың машина кірмес еді. Түсіндіңіз бе? Бұл сіздің упущениелеріңіз!".

Көлік алуға аттанғанда неге тіс жармадыңыздар деген ашу бұл.

Жандос Мұратәлиев, қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

"Біздің өзіміздің қателігімізді басқа да мемлекеттік органдардың қателіктерін, кемшіліктерін қазір мойындап отырмыз ғой".

Мойындағаныңды қайтейін, миллиондарды қайдан табамыз деп шарқ ұрды жүргізуші қауым. Мәселенің ушыққаны біліне бастағанда Парламент жағы да қозғала бастады. Бізде бәрі дұрыс, ана Армяндарда заң шикі деп жатты.

Уасиля Байқадамова, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сыртқы сауда департаментінің директоры:

"Армян тарабы шетелдіктерге көлікті тіркеу процессін реттеуге күш саламыз деп сендірді. Уақытша тіркеуге тұрғызу ісін де қатаң бақылауға алатын болды. Ол жақта шетелдік азаматты кез келген пәтер иелері кооперативі еркін қоя алады. Сондықтан да еш бақылау жүргізілмейді екен".

Дау тыйылмады. Ақыры, Ақорда араласып, Президент жүргізушілерді қудалауды қойыңдар деп тыйып, төлем жасауға уақыт беруді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

"Бұл көліктердің тіркелуі 2021 жылдың 1 наурызына дейін күшінде болады. Олар техникалық регламенттің талаптарына сай болуы керек. Сондай-ақ, тіркеу сомасы мен мемлекеттік бажды төлеуі тиіс. Уақытша тіркеу бір қолдан екінші қолға сатылып барып, жасалмауы тиіс. 2021 жылдың 1 наурызына дейін автокөлік иелері көліктерін тұрақты тәртіпте тіркеп, кедендік баж бен утилизациялық соманы төлеуі тиіс".

Сең қозғалып, жұрт тынышталғандай еді. Сөйтсе, Үкімет одан да асып түсетін шешім әзірлеп келіпті. Ол туралы Президентке кеңесші боп жүрген Олжас Құдайбергенов жеткізді. Әлеуметтік желі парақшасындағы жазбасынан үзінді келтірейік.

Олжас Құдайбергенов, ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі:

"Жарты жылдық жұмыс нәтижесінде тиімді шешім шығарылды деп санаймын. Бұдан 85 процент көлік иесі ұтады. Рулі сол жағында орналасқан машина иелері оны 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін уақытша тіркеуге тұрғызады. Бар болғаны 11 мың теңге төлейді. Оның ішіне тіркеу қызметі мен нөмір әзірлеу жұмысы кіреді. Уақытша тіркеу баж, утилизациялық алым сияқты төлемдерді төлемей машинаны, тоздырғанша пайдалануға мүмкіндік береді".

Жүз мыңдап, миллиондап төлемейсің. Бар болғаны 11 мың теңге. Оқыған көзге, естіген құлаққа өте жағымды. Бірақ, бұл біздің құқымызды шектеу дейді көлік иелері. Тағы бір көліктің құнын төлейік деп отырған жоқ. Өзі үшін тиімді шартпен машина алғандар уақыт өте оны сата алмайды. Тек өзі ғана жүргізіп, болмаса Арменияға апарып сатуы керек. Биліктің "Астыңда тозсын" деген ниеті ұнамайды дейді.

Сүлеймен Ахметов, қала тұрғыны:

"Біз не импортер, не экспортер емеспіз ғой. Не производитель емеспіз. Өзімізге алып келдік осы машинаны. Не үшін біз төлейміз? Төлеңдер дейді, төлемесеңдер сендер заңға қарсы шықтыңдар дейді. Сары номерді беретін кісілер ол шетелдің кісілеріне береді ғой. Шетелдің азаматтарына Қазақстанда тұратындарға. Біз шетелдің азаматы емеспіз ғой. Не үшін біз сары номер аламыз?".

Данияр Бүркіт, қала тұрғыны:

"Кішкене әкеп, бір тиын-тебен тапқан қазақты соншама қудалап, сендер бәленбай байып кеттіңдер, анау-мынау дегендер білмеймін енді ол. Соншама мәселе емес шығар деп ойлаймын мен".

Уақытша тіркеу емес, толыққанды иелік етуді сұрағандар мәселе оң шешімін таппайынша тайынбаймыз деп бекінген. Айтпақшы, жаңа талаптармен танысқан көлік иелері, "алда-жалда көз жұмсақ, машина кімге өтетінін де білмейміз дейді". Бір жауабын берер деп Ішкі істер министрлігіне жүгіндік. Бұл біздің құзырымыздағы мәселе емес дейді. Мұрагерлік құқық қолданыла ма, жоқ па, оны заңгерлердің көмегімен жасауға болар деп кеңес берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: