Оралда қатарынан төрт емхана карантинге жабылды
Азаттық
Коронавируспен ауыратын науқастар осы емханаларға ең бірінші кезекте медициналық көмекке жүгінген.
Оралда төрт емхана карантинге жабылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы БҚО бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлімдеді.
Оралдың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес, Орал қаласындағы №2, 3, 4, 5 емханалары уақытша карантинге жабылды, - деді ол.
Коронавируспен ауыратын науқастар осы емханаларға ең бірінші кезекте медициналық көмекке жүгінген, сондықтан олар жабылды. Олармен байланыста болғандардың бәрі оқшауланды. ПТР талдау алынып, нәтижелері күтілуде. Бәрінен теріс нәтиже шыққан жағдайда емханалар жұмысын қайта бастайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript