Алматыда коронавирус марқұмдарға арналған зиратта 32 адам жерленген. Неге?

31 телеарна, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2020 17:37 31 телеарна
Ол арада жерленген 10 науқас ғана коронавирустан көз жұмған, ал қалған 22 адамда КВИ-дан бөлек қосымша басқа да диагноздары болған.

Алматы облысы Іле ауданы, Қараой ауылы маңында орналасқан коронавирус ауруынан қайтыс болғандарға арналған зиратта 32 адам жерленген болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ал ресми статистикада бүкіл Қазақстан бойынша коронавирустан 35 адам қайтыс болды делінеді. Сонда бұл қалай болғаны? Бұған қала әкімдігіндегілер бүгін жауап берді.

Ол арада жерленген 10 науқас ғана коронавирустан көз жұмған, ал қалған 22 адамда КВИ-дан бөлек қосымша басқа да диагноздары болған.

Өткен аптада Алматы маңындағы коронавирустан қайтыс болған адамдар зиратында ресми статистикаға қарағанда үш есе көп қабір бары белгілі болды. Бұл туралы бірнеше БАҚ ақпарат таратты. Оның ішінде қабірдің 32 екенін күні кеше Азаттық тілшілері нақтылады.

Әкімдік түсіндіріп өткендей, КВИ өлімінің 10 оқиғасынан басқа ол жерде коронавирус жұқтырған, бірақ өліміне басқа ауруы себеп адамдар да жерленген екен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: