Алматыдағы блок-бекеттегі апатқа байланысты полициядағы бірнеше басшы жұмыстан кетті
Алматыдағы блок-бекетте болған апат кесірінен бірнеше полиция қызметкері жұмыстан қуылды, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ресми аудиттің қорытындылары бойынша, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен келесі адамдар қызметінен босатылды:
- Алматы қ. ПД Патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары, полиция подполковнигі Сатаев К.Е.,
- Алматы қ. ПД Кадр саясаты бөлімінің бастығы, полиция полковнигі О.Мырзабеков,
- Алматы қаласы ПД Кадрлар инспекциясының бастығы, полиция подполковнигі Ақылбеков А.О.
Сонымен қатар, қызметіне толық сай келмеу бойынша бірнеше қызметкерге ресми ескерту жасалды:
- Алматы қ. ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Саттаров М.А. (бұған дейін полк командирі болған),
- Алматы қалалық ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция подполковнигі С.О.Көкрекбаев,
- Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі А. Нашарбеков.
25 мамырда Алматы облысының Қарасай ауданында мас жүргізуші блок-бекетте бұзып, жол-көлік апатын жасады. Алдымен ол бетон қоршауды бұзып, содан кейін бар инерциясымен патрульдік көлікке соғылды, онда екі полиция қызметкері болды. Өкінішке орай, жантүршігерлік дене жарақаттарын алған патрульдердің бірі, полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев жедел жәрдем келгенге дейін оқыс оқиға орнында қайтыс болды. Оның әріптесі, полиция сержанты Дастан Абдықанов өте ауыр жағдайда қаладағы ең жақын ауруханаға жеткізілді. Алайда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ауылында болған жол-көлік оқиғасында жарақат алған полиция сержанты Дастан Әбдіқановтың да кейіннен есін жинамаған күйі ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды. Үшінші полиция қызметкері - Ербұлан Сейдәзім оқыс оқиға болған кезде ол планшетпен жол бойында бекеттен өтуші көліктерді базадан тексеріп тұрған. Ол қазір ауруханада жан сақтау бөлімінде жатыр. Оның басына күрделі ота жасалды. Кейіннен мас жүргізушінің органда істейтін адам екендігі туралы желіде ақпарат тарады. Алайда Алматы қалалық ПД бұл мәліметті жоққа шығарды. Кейіннен Алматы қалалық ПД бастығы бұл адамның органда істегенін, бірақ бұрын жұмыстан шығып қалғанын мәлімдеді. Алайда марқұм алматылық полиция қызметкерінің жұбайы күйеуін қаққан жүргізушінің полициядан шықпағанын, әлі де органда істеген адам екендігі туралы желіде жазба жариялады.