Жаңалықтар тізбегі
0

ОПЕК+ келісімі қазақтың мұнай кеніштеріне қалай әсер етті

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2020 19:09 pixabay.com
Қазақстан тәулігіне 390 мың баррельге өндіруді қысқарту міндетін өз мойнына алды.

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халық алдында есеп беру кездесуінде ОПЕК+ келісімінің арқасында кен орындарда мұнай өндіру жұмыстары тоқтаған жоқ, деді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, ОПЕК+ келісіміне қатысу сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қалпына келтіруге және де мұнай бағасын қалпына келтіруге бағытталған. Қоймалардағы мұнайдың толып кету қаупін болдырмау үшін Энергетика министрлігі орта, ірі және өте ірі кен орындарында өндіруді шектеу туралы шешім қабылдады. Кен орындарының барлық түрлері үшін мұнай өндіруді азайту жөніндегі міндеттемелерді әділ бөлу көзделген болатын.

- Егер біз мұнай өндіруді қысқартпаған жағдайда, 2020 жылдың екінші тоқсанында мұнай сақтау орындарының толып кетуіне, кейбір кен орындарында мұнай өндірудің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін еді, - деді Ноғаев. Мәмілеге қатысудың арқасында нарықтың барлық қатысушылары мұнай өндірудің бақылануына және біртіндеп төмендеуіне қол жеткізді. Біз кейбір кен орындарында өндіруді толық тоқтатпай, барынша ауыртпалықсыз қысқарту жүргіздік.


2020 жылдың мамыр-маусым айларында ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 млн баррельге қысқартуды жоспарлап отыр. Қазақстан тәулігіне 390 мың баррельге өндіруді қысқарту міндетін өз мойнына алды.

Қазақстандағы орташа тәуліктік мұнай өндіру (конденсатсыз) 25 мамырдағы жағдай бойынша 177,8 мың тонна мұнайды құрайды, бұл ОПЕК+мәмілесінің міндеттемелерін орындағанын көрсетеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: