Жаңалықтар тізбегі
0

ҰБТ биыл өтетін болды. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптармен

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2020 20:14 24.kz
Биыл ҰБТ-ны 131 мыңнан астам түлек тапсырады. 150 өткізу орны белгіленген.

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен селекторлық отырыста ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес, биыл ҰБТ-ны 131 мыңнан астам түлек тапсырады. 150 өткізу орны белгіленген. Барлық ҰБТ өткізу орындары тепловизор, дезинфекциялық тоннель және аяқ киімді зарарсыздандыруға арналған кілемшелер, медициналық пунктер, санитайзерлер, маскалармен қамтамасыз етіледі.

Е. Тоғжанов қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҰБТ-ны өткізудің санитарлық-эпидемиологиялық талаптары бойынша нұсқаулықты әзірлеу қажет екеніне, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, санитарлық талаптарды міндетті түрде орындау, оқушыларды тестілеу орындарына жеткізудің қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруға назар аударды.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов бірнеше нақты тапсырма берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: