Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда маусым айы жаңбырлы болады

pvlida.by, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2020 04:13 pvlida.by
Қазақстан Республикасы бойынша 2020 жылдың маусым айына арналған ауа райы болжамы.

Маусым айының бірінші онкүндігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы – күн күркіреп, екпінді желмен өткінші жаңбыр жауады, бұршақ түседі деп күтіледі, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бірінші онкүндіктің ортасында Қазақстанның солтүстік жартысында, кезеңнің соңында шығысында ауа температурасы түнде +12+20°С-тан +8+13°С-қа дейін, күндіз +27+35°С-тан +17+25°С-қа дейін төмендейді.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ыстықтың бірінші онкүндіктің ортасында – түнде +17+25°С-дан 12+17°С-қа дейін, күндіз +35+44°С-тан +30+35°С-қа дейін бәсеңдеуі күтіледі. Осыған ұқсас төмендеу айдың екінші және үшінші онкүндігінде қайталанады.

Республиканың батысында ауа температурасы түнде +13+18°С-тан +5+13°С-қа дейін, күндіз +23+33°С-тан +30+38°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.

Бір ай бойы циклондар мен антициклондардың жиі ауысуымен жауын-шашынсыз ыстық күндер жауын-шашынмен және найзағаймен салқын ауа райына ауысады.

Алдағы уақытта жылудың шыңы республиканың оңтүстік-батыс бөлігінде айдың ортасында ауа температурасы түнде + 17 + 28°С, күндіз + 36 + 43°С болады деп күтілуде.

Солтүстік-шығыс жартысында - екінші онкүндіктің соңында және үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде +15+20°С, күндіз +33+39°С болады.

Бір ай ішінде орташа ауа температурасы ҚР-ның басым бөлігінде нормадан 1-2°С жоғары, Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстік жартысында норма шамасында болады деп күтілуде.

Жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде норма шамасында, ҚР оңтүстік-батыс жартысында нормадан төмен болады деп болжануда.

Ескерту: бір айға консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін және онкүндік болжамдармен нақтыланатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: