Жаңалықтар тізбегі
0

"Қазақ қазақты сатқан" деген түсініктен арылуымыз керек - Бүркіт Аяған

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2020 16:42 видеодан алынды
Жаңағыдай әңгімелерді Кеңес Үкіметінің жендеттері ел ішіне іріткі салу үшін әдейі айтқызған, - дейді тарихшы.

"Қазақ қазақты сатқан" деген қасаң пікірден құтылуымыз керек. Тарихшы Бүркітбай Аяған санадағы "тазалық жұмысы" осындай қалыпқа әкелуі керектігін айтады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Оның айтуынша, Президенттің тапсырмасымен құрылатын мемлекеттік комиссия тарихты түгендеумен қатар, бұрмаланып жеткен деректерді түзетумен айналысуы керек.

Жаңағыдай әңгімелерді Кеңес Үкіметінің жендеттері ел ішіне іріткі салу үшін әдейі айтқызған, - дейді тарихшы. Сондықтан теріс идеологияның тамырына балта шабылуы қажет.

Бүркітбай Аяған , Мемлекет тарихы институтының директоры:

– Біз қазақты кінәлап, қазақты сатқын деп көрсету – бұрынғы тоталитарлық жүйенің, оның арасында КГБ мен НКВД-ның айтып жүрген әңгімелері. Мысалы, қазақ әлсіз халық, қолынан түк келмейді деп айтады. Жабайы екен, не қала сала алмайды, не мәдениет құра алмайды дегеннің барлығы идеологиядан шыққан. Бұл Кеңестік партияда айтылады. Сондықтан елге қаратып сөйлегенде, байқап сөйлеу керек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: