Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ-тағы дүрбелең: Дональд Трамп бункерге тығылуға мәжбүр болды

rambler, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2020 15:43 rambler
The New York Times газетінің хабарлауынша, қолданыстағы ережелерге сәйкес, америкалық көшбасшы бункерге Ақ үйге "қауіп төнген" жағдайда тығылады.

АҚШ президенті Дональд Трамп жұмадан сенбіге қараған түні Ақ үй маңында болған тәртіпсіздіктер кезінде Вашингтонның орталығындағы жерасты бункеріне тығылып жатқан, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы жексенбі күні The New York Times жазды.

Ондағы ақпарат көздеріне сүйенсек, мұндай шешім сенбіге қараған түні наразылық шерулері күшейген кезде қабылданған. АҚШ-тың құпия қызметі осыны талап еткен. CNN хабарлағандай, Трамп бункерде бір сағаттай болған. Ол арада оның отбасы мүшелерінің болған-болмағаны әлі белгісіз.

Басылым АҚ үйдің кейбір қызметкерлеріне жаппай тәртіпсіздіктердің қайта басталу қаупі болғандықтан жұмысқа келмеуіне рұқсат етілгенін айтады.

The New York Times газетінің хабарлауынша, қолданыстағы ережелерге сәйкес, америкалық көшбасшы бункерге Ақ үйге "қауіп төнген" жағдайда тығылады.

Соңғы бірнеше күнде ақыры полициямен қақтығысқа ұласқан Ақ үйдің алдында наразылық шерулері өтті. Демонстранттар күзетшілерге пластикалық бөтелкелер мен петарда лақтырды.

Айта кетсек, америкалық қалалар мен штаттардың басшылары Миннесотада африкалық америкалық Джордж Флойдтың өліміне байланысты жалғасып жатқан наразылық шараларына байланысты жексенбіден дүйсенбіге қараған түні 40-қа жуық қалада коменданттық режим енгізді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: