Жаңалықтар тізбегі
0

Сұмдық! Дәретхана мен қыздар жуынатын жерді камерадан қарап отырған

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2020 16:15 видеодан кадр
Бұл орталықта кәмелет жасқа толмаған қыз балалар да бар.

"Дәретханалар мен қыздардың жуынатын бөлмелеріне камера орнатып, үлкен экраннан бәрін көріп отырған!" Павлодар облысының прокуратурасы балаларды қолдау орталығындағы сұмдық жағдайдың бетін ашты.

Мекеме басшысы Асхат Қоқымбаевтың айтуынша, бақылау камералары орталықтың бұрыш-бұрышына облыстық білім басқармасының тапсырмасымен орнатылған екен. Алайда, шаш ал десе бас алатын орындаушылар дәретхана мен қыздар жуынатын бөлмені де ұмыт қалдырмапты. Бұл орталықта кәмелет жасқа толмаған қыз балалардың да барын ескеріп, прокуратура қызметкерлері әлеуметтік орталық басшылығын балалардың құқығын өрескел бұзды деп айыптады.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Николай Қожахметов, өңірлік балаларды қорғау орталығының жетекшісі:

"Бейнекамералардың обьективі кіретін есікке қарап тұрған. Біз балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басты мақсат қылып алдық. Өйткені бұл орталыққа тап болатын балалардың жастары да, көрген қиындықтары да әртүрлі. Әрқайсысының жағдайы өзінше бір қиын болады. Ең болмаса осында келгенде қиындық көрмесін деген ойымыз болды".

Бақылау жүйесі Павлодар облысы білім басқармасының тікелей тапсырмасымен қойылғандықтан, мекеме басшысы Дінислам Болатханұлы жағдайды түсіндіріп бағуда. Ол өзінің Instagram парақшасында жазба жариялады. Оның айтуынша, жабық мекемелер жүйесі мен ол жердегі оқшаулану әсерінен қолдау көрсету орталығына келгенге дейін балалар көптеген қиындықтарды бастан өткереді екен.

Қазақстандағы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің көрген қорлығы, соның ішінде сексуалдық зорлық-зомбылық фактілерінен жаның түршігеді. Сондықтан да мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға барлық жабық мекемелерде камералар орнату мәселесін ұсындым. Тіпті, жуыну бөлмелері мен әжетхана және жатын бөлмелерінің де бақылауда болғанын қаладым. Өйткені өзге аймақтардағы балаларға қарсы қылмыстар мен зорлық-зомбылықтар көп жағдайда сондай жерлерде жасалған. Анығында қылмыскер камераларды көргенде райынан қайтып, өз әрекетінен аяқ тартады емес пе? Осылайша, мен балаларды қорғағым келді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: