Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы тағайындалды

Алматы қаласының әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2020 17:10 Алматы қаласының әкімдігі
Бұған дейін Қамалжан Надыров ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Қамалжан Талғатұлы Надыров Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі тағайындауға дейін ол Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды.

Камалжан Надыров 1983 жылы 27 ақпанда дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін емдеу ісі мамандығы бойынша, Тұран университетін – экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі. Сондай-ақ, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін (Execuitive MBA) бітірген, "The Fuqua School of Business" Duke University-де (АҚШ), "Parkway College" (Сингапур) оқу орындарында білім алған.

Еңбек жолын 2007 жылы интерн-дәрігер, клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, Б.О. Жарбосынов атындағы "Урология ғылыми орталығы" бас директорының орынбасары болып бастады.

2014 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2015-2017 жылдары "Республикалық диагностикалық орталық" ("University Medical Center") директоры қызметін атқарды.

2017-2019 жылдары Астана қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болды.

2019 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: