Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: Ресей мен Беларусь одағына кіру біздің жоспарымызда жоқ

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2020 14:58 Ақорда
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Қазақстан үшін ЕАЭО-ның аясындағы экономикалық одақ ретіндегі әлеуетін нығайту әлдеқайда маңыздырақ екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикамыздың Ресей Федерациясы мен Беларусь елінің одағы құрамына ену туралы жоспары жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz "Комсомольская правдаға" сілтеме жасап.

Ресей мен Беларуссияның одағына кіру біздің жоспарымызда жоқ. Басты басымдық - бұл ұйым шеңберіндегі интеграцияны одан әрі дамыту, - деді ол.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Қазақстан үшін ЕАЭО-ның аясындағы экономикалық одақ ретіндегі әлеуетін нығайту әлдеқайда маңыздырақ екенін атап өтті.

2025 жылға қарай ортақ энергетикалық және қаржылық нарықтар қалыптасады. Мұнда цифрлы бағыттағы өзара іс-қимыл перспективалық бағыт болып табылады, - дейді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтары үшін Ресей - "ең жақын мемлекет және болашақта да солай болып қала береді" деп атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: