Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2020 03:20 Ақорда
Президент өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы туралы әкім есебін тыңдады.

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президентіне Маңғыстау облысының қоғамдық-саяси ахуалы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайы, аймақтағы коронавирусқа қарсы күрес шаралары және Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту жоспарының орындалу барысы жайында баяндалды.

Серікбай Трұмов Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыс экономикасын әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібі мен туризм, көлік-логистика бағыттарын дамыту, ауылшаруашылығы саласындағы шағын несиелеуді қолдау шаралары туралы айтты.

Мемлекет басшысы өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, өндірісті дамыту мен аймаққа инвестиция тарту, туризм саласындағы жобаларды жүзеге асыру және коронавирус індетіне қарсы күрес жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: