Серік Әбікенұлы "Жетісу" телеарнасының бас директоры болып тағайындалды
qazygurt.kz
"Жетісу" телеарнасында жаңа басшы.
Бүгін белгілі тележурналист, білікті басшы, талантты жазушы, принципті азамат Серік Әбікенұлы "Жетісу" телеарнасына облыс әкімі Амандық Баталовтың ұйғарымымен Бас директор болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұлай деп facebook-те журналист Жанарбек Әшімжан жазды.
Секең бұған дейін осы аймақтық арнада Бейсен Құранбектің орынбасары болып қызмет еткен. Секең мен белгілі тележурналист Досан Қызайбекұлы Бейсекеңе сенімді серік болып, өңірлік арнаны республикалық деңгейде беделін арттырған кәсіби мамандар. Күнгейде де, теріскейде де Бейсеннің жанынан табылып, қанаттасып ақ-адал қызмет етті. "31 арна", "Алматы" секілді жетекші арналарда басшылық қызмет атқарғаны баршаңызға мәлім. Секең мен Досан бастаған ұжымға толайым табыстар тілеймін! Ақпарат кеңістігінде кесек орны бар Серік Сарыбаевқа қызметі құтты һәм қайырлы болсын дейміз. Дұрыс таңдау жасап, қолдаған Алматы облысының әкіміне Алла разы болсын! - деді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript