Синоптиктер ШҚО-да үсік жүруі мүмкін екенін ескертті

kazlenta.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2020 22:33 kazlenta.kz
6-сынан 7 маусымға қараған түнде топырақ бетінде мұз болып, кей жерлерде 1-3 градус үсік жүруі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында ауа-райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша, 5 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 15-20, 23-28 метр жылдамдықпен ұйытқиды. Өскеменде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан қатты жел соғады. Семейде де найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. 6-сынан 7 маусымға қараған түнде топырақ бетінде мұз болып, кей жерлерде 1-3 градус үсік жүруі ықтимал. Дауылдың болу ықтималдылығы - 80-90%.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: