Төрт айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ 0,2 пайызға төмендеген
minfin.com.ua
Министр атап өткендей, қызмет көрсету саласының құлдырауы аясында ЖІӨ 0,2 пайызға төмендеді.
Төрт айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 0,2 пайызға төмендеді. Бұл туралы есеп беру кездесуінде ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
ЖІӨ 0,2% төмендеді. Сонымен бірге тауар өндірісі 5,8% -ға өссе, қызмет көрсету көлемі 4% төмендеді. Нәтижесінде жалпы ішкі өнім 0,2% төмендеді. Мамыр айында жылдық инфляция 6,7% дейін өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты өсімі 0,9% құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда төмен, - деді ол.
Сонымен қатар, министрліктің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар-сәуір аралығында экспорт көлемі 18 миллиард доллардан асты. Министр атап өткендей, қызмет көрсету саласының құлдырауы аясында ЖІӨ 0,2 пайызға төмендеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript