Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар маусым айының соңында Түркияға ұша алады

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2020 16:21 pixabay.com
Эпидемиялық жағдай жақсардың жақсаруына сай, біртіндеп халықаралық әуе қатынасы ашыла бастайды.

Маусым айының соңына қарай Түркияға рейстер ашылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ол 1 мамырдан бері Нұр-Сұлтаннан мен Алматыдан елдің 20 қаласына ұшатын ішкі рейстер біртіндеп қалпына келтірілгенін еске салды. Қазір 44 ішкі бағытпен күніне 49 рейс орындалып жатқанын айтты. 188 мың әуе билеті сатылған екен.

- Халықаралық рейстерді ашу жоспарлануда. Маусым айының соңына таман Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерін қайта қосуды жоспарлап отырмыз. Одан кейін эпидемиялық жағдай түзеле бастаса, басқа да халықаралық бағыттар ашыла бастайды, деді ол үкімет отырысында.

1 маусымнан бастап жолаушылар пойызының 54 жұбы жүре бастады. Теміржолға билеттер сату 15 мамырдан бастап ашылған, қазірге дейін 645 мың жол жүру құжаты сатылған екен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: