Қазақстандықтар Түркияға жиі ұша алады

Самолет, самолеты, аэропорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2026 14:31 Фото: unsplash
Қазақстан мен Түркия тұрақты әуе рейстерін орындау мүмкіндігін едәуір кеңейтті. Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 17 тамызда Қазақстанның Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның дүйсенбіде таратқан ақпаратына сәйкес, 13-14 тамызда Ыстанбұлда Қазақстан мен Түркияның авиация билігі арасында келіссөз өтті. Қазақстан делегациясын Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, ал Түркия делегациясын Түркия Республикасы Азаматтық авиация бас басқармасының бас директоры, профессор, доктор Кемаль Юксек басқарды.

"Келіссөз қорытындысы бойынша 14 тамызда тараптар азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және екі ел арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге бағытталған жаңа өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды", – деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес:

  • негізгі бағыттарда – Ыстанбұлдан Астана, Алматы және Шымкентке, Анкарадан Астана мен Алматыға қатынайтын екі елдің әуе компаниялары үшін рұқсат етілген рейстер саны аптасына 76-дан 138-ге дейін көбейтілді;
  • туристік бағыттарда – Анталья мен Бодрумнан Қазақстан қалаларына орындалатын рейстер саны аптасына 44-тен 86-ға дейін артты.

Осылайша аталған бағыттар бойынша рұқсат етілген рейстердің жалпы саны аптасына 120-дан 224-ке дейін көбейді.

Қалған бағыттардың барлығында екі елдің әуе компанияларына аптасына 14 рейске дейін орындау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл тікелей әуе қатынасын кеңейтуге және өңірлер арасындағы байланысты дамытуға жағдай жасайды.

Сондай-ақ үшінші елдерге жүк тасымалдау үшін әуе еркіндігінің бесінші дәрежесін пайдалана отырып, екі тарапқа 76-ға дейін жүк рейсін орындауға мүмкіндік беру туралы келісімге қол жеткізілді.

Келіссөз барысында тараптар азаматтық авиацияның бірқатар бағыты бойынша ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты. Олардың қатарында әуе көлігін мемлекеттік реттеу, ұшу және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру, әуежай инфрақұрылымын дамыту және саланы цифрландыру бар.

Бұған дейін, 2026 жылғы 30 шілдеде Түркияның жаңа әуе компаниясы Қазақстанға рейстер ашатыны белгілі болды.

Ал 10 тамызда Қазақстанда әуе бағыттарын субсидиялау қағидалары өзгергені хабарланды. Үкімет қаулысымен қағидалар жаңа тармақпен толықтырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: