Қазақстандықтар Грузия мен Қытайға жиі баратын болады

Аэропорт, самолет, пассажирский самолет, пассажирские самолеты, самолеты, самолеты на стоянке, аэродром, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2025 12:42 Фото: Zakon.kz
Қазақстаннан Грузия мен Қытайға жаңа халықаралық рейстер ашылады. Бұл туралы 2025 жылдың 20 ақпанында Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствода қазақстандық екі әуе компаниясының жаңа рейстер ашылып жатқанын түсіндірді.

Биылғы жылдың 27 мамырынан бастап "Air Astana" әуекомпаниясы Атыраудан Тбилисиге тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 3 рет сейсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus типті әуе кемелерімен орындалады. Бүгінгі таңда Тбилисиге рейстер Алматы және Ақтау қалаларынан орындалады.

Сонымен қатар биылғы жылдың 28 мамырынан бастап "SCAT" әуекомпаниясы Шымкент қаласынан Сиань қаласына тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Қазіргі уақытта Сиань қаласына тікелей рейстерді Қытай әуекомпаниялары Алматы мен Астанадан орындайды.

Жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: