Қазақстандықтар Қытайға, Вьетнамға және Египетке жиі ұшатын болады
Фото: Zakon.kz
ҚР Көлік министрлігі рейстер географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді. 2025 жылдың 20 қаңтарында департамент жаңа рейстердің ашылатынын хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап "Air Astana" әуекомпаниясы Вьетнамға аптасына 4 рет жиілікпен Алматы-Нячанг және аптасына 3 рет жиілікпен Астана-Нячанг бағыттары бойынша және аптасына 3 рет жиілікпен Алматы-Гуанчжоу бағыты бойынша Қытайға жаңа маршруттар ашады.
Көктемгі-жазғы маусымынан бастап "Air Cairo" әуекомпаниясы аптасына 1 рет жиілікпен Қостанай-Шарм-эль-Шейх және аптасына 2 рет жиілікпен Алматы-Хургада бағытында рейстер ашуды жоспарлап отыр, сондай-ақ аптасына 1 рейс жиілігімен Алматыдан Эль-Аламейнге рейстерді қайта бастау жоспарлануда.
Көлік министрлігі жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады деп санайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript