Жаңалықтар тізбегі
0

Жемқорлар символы – LRT бағаналарында балалар ойнап жүр

Inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2020 16:25 Inbusiness.kz
Тұралап қалған нысанның жалпы құны 1,5 млрд долларды құрап отыр. Пайдалануға қашан берілетіні де белгісіз.

Карантинде іші пысқан балалар ойын алаңдарын қойып, енді ЛРТ бағанасының басында сауық құратын болған. Жуырда әлеуметтік желіде дәл осындай видео жарияланды. Ол жерде биіктігі 5,5 жарым метр болатын тұғырлардың төбесінде жеткіншектердің емін-еркін жүргені байқалады. Дәл осы атышулы видеодан кейін құрылысқа жауаптылар барлық кемшілікті жойдық, енді нысан аумағына қарапайым тұрғындар кіре алмайды деп жауап берген еді.

Шын мәнінде солай ма? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ұлы Даладағы жемқорлықтың символы іспеттес бағаналардың төбесінде арлы-берлі секіріп жүрген балалар туралы видео әлеуметтік желіде пайда болғаннан кейін, құрылыс нысанына біз де арнайы ат басын бұрдық. Көзбен көріп, таңданысымызды жасыра алмадық.

"Біз қазір салынуы жыр болған Елордадағы ЛРТ нысанының құрылыс алаңындамыз. Бұл жерге ойнауға келген кез-келген бала, емін-еркін өте алатындығына тағы бір мәрте көз жеткіздік. Себебі, түсірілім тобына бұл жерге келер кезде ешқандай тосқауыл болған жоқ. Ешқандай қоршауда болған жоқ. Сондықтанда, мұндай экстрималды ойындар, бала өміріне қауіпті болуы мүмкін".


Құрылысы тоқтап тұрған нысанда бақылау жоқ . Төңіректе жоғары кернеулі кабельдер ашық-шашық жатыр. Күзетші сынды қызметкерлер отыратын дүңгіршектерді вандалдар қиратып кеткен. Ал, ойын жасындағы балалар мұнда жиі келетінін Есіл өзеніне қармақ салып отырған балықшылар да растады. Көбінесе, жеткіншектер кешкі мезгілде көптеп жиналады екен.

"Иә, көрдім. Екі мәрте балыққа келген кезде көрдім ғой осында. Жүрді да осында. Жүреді осында. Қай уақытта көп келеді? Енді, мен основной балыққа кешке келем ғой. Сол уақыттарда көреміз ғой жүргенін".


Нысан аумағында екі сағат жүріп, бірде-бір қызметкерін көрмедік. Контейнерлеріне барғанда, есігі жабық болды. Бірақ, құрылыс техникалары өз орнында тұр. Тек, осы маңда жүрген иттер ғана, біздің рұқсатсыз келгенімізге, наразы кейіп танытқандай түсірілім соңына дейін жанымыздан бір елі қалған жоқ.

"Бұл жерде охранник көрмейсің ғой. Жалпы қанша болды осы жерде балық аулап жүргеніңе? Жыл ғой. Осы жерге келгелі аулаймыз ғой. Басқа жерінде қандай екенін білмеймін. Бірақ, бұл жерде охранник көрмедім. Болса қуып шығатын еді ғой".


Бұл – Сығанақ көшесінің бойындағы "Арыс" көпіріне жапсарлас тағы бір рельс өтетін көпір орнатылып жатыр. Сол қазынаның млрдтаған қаржысы жұмсалған құрылыс материалдарының маңы үй-күйі жоқ жандардың мекеніне айналған секілді. Айналаны жайлаған қолқаны қабатын иіс, тұрмыстық қалдықтар, ішімдіктен босаған бөтелкелер толып жатыр мұнда. Ал, жерүсті метросына жауаптылар, құрылыс алаңы күні-түні күзетілетінін айтудан танбай отыр.

Оксана Лоскутова, "City Transporation System" баспасөз хатшысы:

"Жеңіл рельсті көліктер салынып жатқан бағандардың барлығы күзетілуде. Ол жерге баспалдақтар құрылысшылар шығатын кезде қойылады. Енді, бала болғасын олар әр жерде ойнайды ғой. Енді, біздің білуімізше "ЛРТ Дирекциясының" өздерінің охраналары бар яғни күзет. Олар күзетеді қарайды".


Естеріңізге сала кетейін, құрылысы 2011 жылы басталып, соңғы уақытта тұралап қалған нысанның жалпы құны 1,5 млрд долларды құрап отыр. Пайдалануға қашан берілетіні де белгісіз. Ал, жер үсті метросының әр бағанасының биіктігі 3 қабатты ғимаратпен тепе-тең. Сондықтан, қызық үшін жоғарыға шығып, ойнап жүрген бала абайсызда құлап кетсе, соңы өкінішпен аяқталатыны сөзсіз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: