Астананы газдандыру үш кезеңмен жүргізіледі – Бақыт Сұлтанов
Villa66
Жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс монтаждау жұмыстарының жалпы сомасы 52 млрд теңгені құрап отыр.
Бүгінгі күні Астана қаласын газдандыру жобасы үш кезеңге бөлінді. Бұл туралы Үкімет сағатында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
"Бесінші бастама бойынша елді газбен қамтамасыз ету үшін Астана әкімдігі былтырғы жылдың 13 шілдесінде газ тарату желілерін таратуды салу және Астана қаласының жеке секторы тұрғын алаптары мен энергия кешенін табиғи газға ауыстыру жөнінде жол картасы бекітілді. Бүгінгі күні Астана қаласын газдандыру жобасы үш кезеңге бөлінген. Жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс монтаждау жұмыстарының жалпы сомасы 52 млрд теңгені құрап отыр", - деді елорда әкімі.
Оның айтуынша, бірінші кезеңнің құрылысы бойынша 27 млрд теңге керек.
"Бірінші кезең аясында 3 ЖЭО және Көктал-1, Көктал-2, Оңтүстік-шығыс шағын аудандарын газдандыру қарастырылып отыр. Бүгінгі күні тиісті құжаттамаға мем сараптаманың қорытындысы алынды. Жергілікті бюджеттен 286 млн теңге бөлінді. Биылғы жылы жаңағы айтылған 27 млрд туралы, оның ішінде 4 млрд теңге республикалық бюджетті нақтылау кезінде біз тиісті құжаттаманы министрлікке беретін боламыз. Әрі қарай республикалық бюджет комиссиясында қарау үшін", - деді Бақыт Сұлтанов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript