Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында жаңа медиа құрылды

Жамбыл облысының әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2020 02:52 Жамбыл облысының әкімдігі
Басылымдарды бір медиа құрылымына топтастырудағы басты мақсат - орталық қаржыландыруға оңтайлы жағдай жасау.

Жамбыл облысында "Aulieata-Media" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылып, облыстың БАҚ саласында біршама құрылымдық өзгерістер орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев облыстық "Ақ жол" газетіне арнайы келіп, облыстық "Aq jol", "Знамя труда" және "Арай" жастар газетінің ұжымымен кездесіп, жаңа құрылымның мақсат-міндеттері хақында, қазіргі баспасөзге қойылатын талаптар жайлы кеңінен баяндады.

- Басылымдарды бір медиа құрылымына топтастырудағы басты мақсатымыз орталық қаржыландыруға оңтайлы жағдай жасау. Сол арқылы журналистердің табысты жұмыс жүргізуіне мүмкіндік тумақ. Алдағы уақытта қаламақыны, үстемақыны көбейту жағдайын да қарастыратын боламыз. Бұл бір жағынан заманның талабы. Облыстағы үш газеттің де өзіндік тарихы бар. Журналистер қашанда халық пен биліктің арасындағы үнкөпір болып қала бермек. Өздеріңіз бағамдап отырғандарыңыздай, бүгінгі уақыт тынысы өзгерді. Ақпарат таратуда тек жеделдік керек. Ізденіс болу қажет. Газеттер шығармашылық тұрғыда дайындалған, ел есінде қалатын кесек–кесек туындыларды жариялауға ұйытқы болуы қажет. Қарап отырсақ, ауданда, ауылдарда түрлі салаларда қордаланған мәселелер көп. Сол жағын да журналистер назарға алуы тиіс. Олармен кері байланыс орнату жайын да ойластырған жөн. Жаңа құрылым болған соң, оқырман үлкен өзгерістер күтеді. Осыған орай, газеттер жаңаша форматпен, үйлесімді безендіріліп шығуы керек. Сіздердің осы міндеттердің үддесінен табылатындарыңызға сенімім кәміл, - деді Ержан Жұматұлы.

Сондай-ақ, ол "Aulieata-Media" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып, жас та болса тәжірибесі қалыптасқан, өзіндік көзқарасы бар азамат, белгілі журналист Нұрбек Бекеннің тағайындалғанын, ал облыстық "Aq jol" газетінің бас редакторы қызметі Оралхан Дәуітке жүктелгенін, "Знамя труда" және "Арай" газеттеріне бұрынғысынша Татьяна Борисенко мен Дәулет Төленді басшылық етенін айтты. Келесі кезекте сөз алған Оралхан Дәуіт жаңа медианың жұмысына сәттілік тілеп, жүз жылға жуық тарихы бар облыстың бас басылымы – "Aq jol" газетінің шығармашылық әлеуетін жақсартуға аянбай еңбек ететіндігін, әріптестеріне деген ізгі тілегін жеткізді.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары бұл жиын журналистермен жылы жарқын жүздесіп, пікір алмасудың соңы еместігін, бүгінгідей ашық қоғамда кез-келген туындаған мәселені ойласып шешуге болатынын баса айтты. Сөз соңында сенім бар жерде ұжымға артылатын міндеттің де ауқымды екендігін алға тартты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2020 02:52

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2020 02:52

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2020 02:52

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: